3d кескіндерін қарауға қатысты – Panasonic TYEW3D3LE User Manual
Page 87
3
Қ
АЗАҚ
3D кескіндерін қарауға қатысты
Егер сізде жарыққа сезімталдық, жүрек аурулары
немесе басқа да медициналық жағдайлар болса,
3D көзілдірігін пайдаланбаңыз.
Егер сіз шаршап тұрсаңыз, қолайсыздық немесе
басқа да қолайсыз сезімде болсаңыз, дереу
3D көзілдірігін пайдалануды доғарыңыз.
3D фильмін көргеннен кейін тиісінше демалыңыз.
3D ойындары сияқты интерактивті
құрылғылардан немесе компьютерден 3D
мазмұнын көргеннен кейін 30 - 60 минуттай
демалыңыз.
Теледидар экранын немесе басқа адамдарды
байқаусызда ұрып жібермеңіз. 3D көзілдірігін
пайдаланған кезде пайдаланушы мен экран
арасындағы қашықтық дұрыс болмауы мүмкін.
3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана
кию керек.
3D бейнекескінін көріп отырғанда басыңызды
және/немесе 3D көзілдірігін еңкейтпеңіз. Көзіңіз
бен 3D көзілдірігін теледидармен көлденең
деңгейде ұстаңыз.
Егер көру қабілетіңіз нашар болса (жақыннан/
алыстан жақсы көрмесеңіз, астигматизм, сол-
оң жақты ажырата алмасаңыз), 3D көзілдірігін
пайдаланбас көру деңгейін дұрыстап алыңыз.
Егер 3D мазмұнын көргенде екі еселенген
бейнелерді анық көретін болсаңыз,
3D көзілдірігін пайдалануды тоқтатыңыз.
3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан жақын
жерде пайдаланбаңыз.
Ұсынылған көру қашықтығы бейнекескін
биіктігінен үш есе көп.
Экранның жоғарғы және төменгі бөлігі, мысалы,
киноларда қара жиекпен берілсе, оны нақты
кескіннің биіктігінен 3 есе алыс қашықтықтан
көріңіз.
( Ол көру қашықтығын жоғарыда ұсынылатын
қашықтықтан жақындатады.)
(жалғасы қарсы бетінде)