beautypg.com

Құбырдан су беру жүйесі, Суды ашық сауыттан сорғыту, Бұйымды іске қосу – Karcher K 5 Classic User Manual

Page 279: Қолдану, Бұйымды іске қосу қолдану

background image

– 10

Сақтандыру

Қолданылатын заңды ережелерге
сəйкес, іріктеу жүйесі жоқ бұйым
ешқашан ас су жүйесінде
қолданылмауы тиіс. Міндетті түрде
KÄRCHER компаниясы мақұлдаған
іріктеу жүйесі немесе EN 12729, BA
түрі талаптарына сай келетін іріктеу
жүйесі қолданылуы тиіс.
Іріктеу жүйесі арқылы алынған су ауыз
су ретінде қарастырылмайды.
Назар аударыңыз
Іріктеу жүйесін əрқашан су беру
жүйелеріне, ешқашан бұйымға тікелей
қоспаңыз.
Сурет

Бұйымның муфтасы мен су жеткізу
жерін бекітіңіз.

Бұл жоғары қысымды тазалағыш беттегі
суды, мысалы, жаңбыр не тоғаннан,
сорғыту үшін кері клапаны (қосымша
керек-жарақ, тапсырыс нөмірі 4.440-238)
бар KÄRCHER сорғыту шлангісімен
бірге пайдаланылады (максималды
сорғыту биіктігін техникалық
мəліметтерден қараңыз).

Сорғыту шлангісін сумен
толтырыңыз.

Сорғыту шлангісін бұйымның су
жеткізу жеріне бекітіңіз жəне су көзіне
(мысалы, жаңбыр) іліп қойыңыз.

Назар аударыңыз
2 минуттан артық құрғақ күйдегі
жұмыс жоғары қысымды сорғыштың
зақымдалуына апарып соғады.
Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз
жəне "Ақаулықтар бойынша анықтама"
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Сурет

Жоғары қысымды шлангіні жылдам
ажыратылатын муфтаға дыбыспен
бекітілмегенше енгізіңіз.

Нұсқау: Байланыстырғыш
бұрандалы түтіктердің дұрыс
орналасқанын тексеріңіз.

Жоғары қысымды шлангідегі
тартылысты тексеру кезінде сақ
болыңыз.

Су ағыны шлангісін су жеткізу
жеріндегі муфтаға орнатыңыз.
Нұсқау: Су жіберу шлангісі
бұйыммен бірге сатылмайды.

Су ағыны шлангісін су беру жүйесіне
жалғаңыз.

Құбыр кранын толығымен ашыңыз.

Электр ашасын электр розеткасына
салыңыз.

Бұйымды "I/ON" күйіне
ауыстырыңыз.

Сурет

Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан
босатыңыз.

Иінтіректі тартыңыз да, бұйым
қосылады.
Су көпіршіксіз қол бүріккішіне
шығарылмағанша бұйымды жұмыс
істетіңіз (макс. 2 минут).

Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан
кейін бұйым өшіріледі. Жүйедегі
жоғары қысым сақталады.

Сурет

Қол бүріккішінің иінтірегін
құлыптаңыз.

Қауіп

Жоғары қысымды шүмекке су ағыны
күшейтілгенде қол бүріккішіне
қайтарым күші артады. Қауіпсіз күйді
қамтамасыз ету үшін қол бүріккіші мен
шашырату құбырын жақсылап
ұстаңыз.

Қауіп

Жоғары қысыммен шығарылып
шашыралатын ағымдарын лайықсыз
түрде қолданғанда қауіп түсуі мүмкін.
Осы ағымдардың адамдарға, жануарлар
не аңдарға қарсы, істе болған электр
құралдарға немесе бұйымның өзіне
қарсы бағытталмауы тиіс.

Құбырдан су беру жүйесі

Суды ашық сауыттан сорғыту

Бұйымды іске қосу

Қолдану

279

KK