beautypg.com

Тартпаларды жүктеу, Төменгі тартпа және ыдыс-аяқ себеті, Жоғарғы тартпа – Indesit DFP 2727 User Manual

Page 58

background image

KZ

58

Тартпаларды жүктеу

Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық тамақ

қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен шыныаяқтан

сұйықтықтарды төгіңіз.

Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер

еркін жылжи алатынына көз жеткізіңіз.

Төменгі тартпа және ыдыс-аяқ себеті

Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат

ыдыстарын және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер мен
қақпақтарды тартпаның шет жақтарына қойған жөн.

Кейбір ыдыс жуу машиналары қайырмалы бөлімшелермен

*

жабдықталады, оларды тәрелкелерді салған кезде тік қалыпта

немесе кастрөлдерді, салат ыдыстарын және табаларды
салған кезде көлденең қалыпта қолдануға болады.

Ыдыс-аяқ себетінің түрі ыдыс жуу машинасының үлгісіне

байланысты әртүрлі болады (модульді немесе модульді

емес). Модульді емес себетті

тек төменгі тартпаның алдыңғы

жағына қоюға болады.

Екеуі де ыдыс-аяқты

о р н а л а с т ы р уд ы

ж е ң і л д е т е т і н

үстіңгі торлармен

жабдықталған.

Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар төмен

қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе оларды

жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге көлденең қоюға

болады.

Жоғарғы тартпа

Бұл тартпаға нәзік және жеңіл ыдыс-аяқты салыңыз:

стақандар, шыныаяқтар, табақшалар мен тайпақ салат

ыдыстары.

Позициясы реттелетін қайырмалы бөліктер

Ыдыс-аяқты тартпа

ішінде оңтайлы түрде

реттеу үшін қайырмалы

бөліктерді әр түрлі

биіктікке орналастыруға

б о л а д ы . Ш а р а п

бокалдарын аяғын тиісті

тесікке салу арқылы

қайырмалы бөліктерге

қауіпсіз түрде

орналастыруға болады.

Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу

Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны

жоғары немесе төмен жылжытуға болады.

Жоғарғы тартпаның биіктігі негізінде ТАРТПА БОС

БОЛҒАНДА реттелуі керек.

Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп

қоюшы болмаңыз.

Сол және оң бағыттауыш тірегіштерін

ашып, тартпаны суырып алыңыз; оны

қажетінше жоғары немесе төмен қарай

жылжытыңыз да, алдыңғы дөңгелектер

орнына келгенше бағыттауыштар

бойымен сырғытып, тірегіштерді

жабыңыз

(суретті қараңыз)

.

Тартпа

«Қос орын» тұтқаларымен

*

жабдықталған болса

(суретті қараңыз)

,

жоғарғы тартпаны тоқтау нүктесіне

жеткенше суырыңыз да, тартпаның

бүйірлеріндегі тұтқалардан ұстап

оны жоғары немесе төмен қарай

жылжытыңыз, одан кейін орнына
түскенше ақырындап жіберіңіз.

Ыдыс жуу машинасында жууға болмайтын заттар

• Ағаш заттар, тұтқалары ағаштан жасалған немесе

жабыстырылған бөліктері бар нысандар.

• Алюминий, мыс, жез, қалайы-қорғасын қоспасы немесе

қалайыдан жасалған заттар.

• Қызуға шыдамайтын пластикалық материалдан жасалған

заттар.

• Көне немесе қолмен боялған фарфор.

• Көне күміс. Дегенмен, көне емес күмісті нәзік жуу циклын

қолдана отырып ыдыс жуу машинасында жууға болады,

бірақ ол басқа металдарға тимеуі тиіс.

Ыдыс жуу машинасында жууға болатын ыдыс-аяқты

пайдалануды ұсынамыз.

*

Тек кейбір үлгілерде бар. Саны мен орны әртүрлі болуы

мүмкін.