Ескертулер мен алдын алулар – Indesit WITL-1061-(EU) User Manual
Page 85

Ескертулер мен алдын алулар
Жуу құралдарын бөлгіш
Кір жуудың жақсы нəтиже беруі жуу құралдарын қосу мөлшеріне де байланысты болады:
оны артық қосу кір жууды тиімді етпейді, керісінше машинаның ішінде қақтың пайда
болуын тудыруы жəне қоршаған ортаны ластауы мүмкін.
Бөлгішті жылжытып шығарыңызда оның бөліктерін жуу құралдарымен
жұмсартқыштармен толтырыңыз:
1-бөлік: алдын ала жууға арналған жуу құралы (ұнтақ)
2-бөлік: кір жууға арналған жуу құралы (ұнтақ немесе сұйықтық)
Кір жууға арналған сұйықтық құрал машинаның қосар алдында құйылады.
3-бөлік: Қоспалар (шайғыш т.б.)
Шайғышты жəшікке құйғанда «мах» деген белгісі бар ең жоғарғы деңгейден асып
кетпеуін қадағалаңыз.
Шайғыш автоматты түрде соңғы шаю кезінде барабанға құйылады. Бағдарлама аяқталған
соң 3 ұйшықта су қалып қояды. Ол барабанға өте қою шайғыштарды құю үшін керек,
яғни концентрациялық шайғыштарды араластыру үшін қажет. Егер 3 ұяшықта қалыпты
деңгейден артық су қалып қойса, шаюды төгу каналы бітеліп қалғанын білдіреді.
4 ұяшық: Ағарту циклі
Қарапайым ағартқыштар қатты маталар үшін, ал күтіммен жуатын ағартқыш түрлі-
түсті, синтетикалық жəне жүн маталар үшін қолданылады.
Ағартқышты 4 ұяшықтың ең жоғарғы деңгейіне дейін құймаңыз (сур. қара).
Ағартқышты 4 ұяшыққа, жуу құралы мен шайғышты сəйкес ұяшықтарына салыңыз, содан
соң Шаю
немесе Дақтарды кетіру бағдарламаларының бірін таңдаңыз.
Кірді дайындау
•
кірді барабанға жүктемес бұрын мұқият жөндеп алыңыз.
- Кірді матасының түріне / этикетіндегі белгісіне қарай
- түсіне қарай: ақ кірден түрлі-түсті кірді бөліп алыңыз
• Қалталарынан барлық заттарды алып тастаңыз жəне түймелерінің нық тұрғандығын
тексеріңіз.