Ақыл-кеңес, Тоңазыту туралы кеңес – Electrolux EUX2243AOX User Manual
Page 67

АҚЫЛ-КЕҢЕС
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді
жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер
берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп
тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы
уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір
қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият
тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып,
қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін
ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, орамының ауа
өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның температурасы
көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз
тағамның сақталу уақытын азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні
қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін
жасау үшін, тағамның әрбір жеке
орамасына оның тоңазытылған ай-күнін
жазып қою ұсынылады;
ТОҢАЗЫТЫЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ
САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді
орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын
тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз
жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде
жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін
сапасы дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық
мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
ҚАЗАҚ
67