2 іске қосу, 3 өшіру, 4 температураны реттеу – Electrolux EUN2243AOW User Manual
Page 24: 5 ecomode, 6 fastfreeze режимі, 7 drinkschill режимі
A)
Ескерту индикаторы
B)
EcoMode
C)
FastFreeze режимі
D)
DrinksChill және Температура индикаторы
E)
DrinksChil режимі
Mode режимін таңдағаннан кейін
немесе Температура түймешігін
басқаннан кейін
жандана
бастайды.
Температураны таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше минут
жыпылықтайды.
2.2 Іске қосу
Құрылғыны қосу үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Бейнебет сөніп қалса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
3.
Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы
сигнал береді.
Ескерту құралын бастапқы қалпына
қайтару үшін, "Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
4.
Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе,
құрылғы демо-режимде тұрады. "Келесі
жағдайда не істеу керек..." тарауын
қараңыз.
5.
Температура индикаторы бастапқы
орнатылған температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
2.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
2.4 Температураны реттеу
Мұздатқыштың орнатылған температурасын
температура түймешігін басып реттеуге
болады.
Орнатылған әдепкі температура:
• мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
2.5 EcoMode
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
– мұздатқыш үшін: -18°C
Функцияны ажырату үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау немесе
ешнәрсе таңдамау үшін Mode түймешігін
басыңыз.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
2.6 FastFreeze режимі
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Бұл функция 52 сағаттан кейін өздігінен
тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау немесе
ешнәрсе таңдамау үшін Mode түймешігін
басыңыз.
Функция мұздатқыштың басқа
орнатылған температурасын таңдау
арқылы ажыратылады.
2.7 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты сигналды
қажетті кезде орнату үшін қолданылады,
мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны
белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту
үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу
үшін ескерту сигналы қажет болған кезде
қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
DrinkChill түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрсетіледі.
24 www.electrolux.com