beautypg.com

Жөндеу және күтім – Hotpoint Ariston FH 62 /HA User Manual

Page 64

background image

64

KZ

Жөндеу және күтім

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын

құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау

• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы

бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын

сумен нейтралды сабынға малынған ысқышпен

тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы

өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны

шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды

немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.

• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде

мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты

пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ

шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды

пайдаланбаңыз.

• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы

мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға

болады.

• Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе

шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

Пеш есігін тазалау

Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш

емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ

шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты

немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,

себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына

әкелуі мүмкін. Мұқият тазалау үшін пештің есігін

алып тастауға болады.

1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).

2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз

және

F екі ілгекке орналасқан (суретке қараңыз)

кішкентай тұтқаларды бұраңыз.

3. Есікті екі жағынан қатты

ұстап, жартылай жабыңыз.

Оны өзіңізге қарай орнынан

көтере тартыңыз (

суретке

қараңыз). Есікті орнына қою

үшін осы іс ретін соңғысынан
бастап орындаңыз.

Тығыздағыштарды тексеру

Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп

тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,

жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз («Көмек» бөлімін

қараңыз). Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін

пешті пайдаланбауды ұсынамыз.

Шамды ауыстыру

Пештің шамын ауыстыру үшін:

1. Шам ұясының шыны қақпағын алыңыз.

2.

Шамды

алып, оны сондай

басқа шаммен

ауыстырыңыз:

Қуаты 25 Вт,

цоколі E 14.

3.

Шыны

қақпақты орнына

қойыңыз (сызбаны

қараңыз).

0/201 - 195083756.0

XEROX FABRIANO

F

This manual is related to the following products: