AEG MCC2580E-M User Manual
Page 72

72 MCC2580E-m
оларды мүмкіндігінше бөлек
ұстаңыз.
• Егер бұрышқа
орналастырсаңыз, қабырғамен
арада кем дегенде 15 см жəне
микротолқынды пештің үстінен
15
см бос жер қалдырыңыз.
Пешті ас бөлменің ішіндегі кез
келген жерге орналастыруға
болады. Пешті жазық əрі тегіс бетке
орналастырыңыз жəне пештің
астыңғы бетінің желдеткіш
саңылауларының (жеткілікті түрде
желдетілуі үшін) бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Электр желісіне жалғау
Пеш 230 В, 50 Гц, жерге қосылған
розеткаға арналған қорек сымымен
жəне ашасымен бірге жеткізіледі.
Жерге қосу қысқа тұйықталудың
орын алу қатерін барынша
азайтады. Пештің кернеуінің қорек
көзіне сəйкес келетінін тексеріңіз.
Егер пеш розеткаға ұзартқыш сым
арқылы жалғанса, сымның жерге
қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Бұл құрылғы жерге қосылған
қорғанысы жоқ қорек көзінде
пайдаланылмауға тиіс.
Егер пештің электр желісіне
жалғануына немесе қорек көзінің
жерге қосылған қорғаныспен
қамтамасыз етілгеніне қатысты
күмəніңіз болса, электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
қосу қажет. Егер құрылғы
алмастыруға келмейтін жəне
розеткаға сай келмейтін ашамен
жабдықталса, бұл ашаны кесіп
алыңыз да, орнына жарамды
біреуін салыңыз. Егер
алынбайтын ашадағы
сақтандырғышты өзгерту қажет
болса, оның қақпағын қайта
орнына салу қажет. Егер
сақтандырғыш қақпағы жоғалса
не бүлінсе, оның орнына
жаңасын салмайынша ашаны
пайдалануға болмайды.
Электр қосылымдары
ЕСКЕРТУ! БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕРГЕ ҚОСУ
ҚАЖЕТ.
Бұл сақтық шарасы
орындалмаған жағдайда өндіруші
жауапкершіліктен бас тартады.
Егер құрылғының ашасы розеткаға
сай келмесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.