Philips FC6161 User Manual
Page 72
![background image](/manuals/25595/72/background.png)
Қайта зарядталатын батареяларды шығару
NiMH батареялары жоғары температураға немесе отқа тисе, жарылуы мүмкін.
Қайта зарядталатын батареяларды толығымен отырғанда ғана шығарыңыз.
Қайта зарядталатын батареяларды төменде сипатталған жолмен шығаруға болады.
1
Тасымалы шаңсорғышты тоқтағанша істетіңіз.
2
Бұрауыштың көмегімен ауа шығару тесіктері бар панельді
шаңсорғыштан шешіңіз (Cурет 37).
3
Тырнақпен тұтқадағы панельді ашыңыз. (Cурет 38)
4
Тасымалы шаңсорғыштың бүйіріндегі бұрандаларды шығарыңыз. (Cурет 39)
5
Шаң бөлімін шешетін түймені басып, корпустың екі бөлігін шешіңіз.
6
Қайта зарядталатын батареяларға қосылған сымдарды бір-бірден ажыратыңыз (Cурет 40).
7
Қайта зарядталатын батареяларды шығарыңыз (Cурет 41).
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет, ақпарат қажет болса немесе қандай да бір қиындық туындаса, Philips компаниясының
www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады).
Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаса, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
ақаулықтарды жою
Бұл тарауда шаңсорғышты пайдаланғанда тууы ықтимал жалпы мәселелер сипатталады.
Қосымша мәлімет керек болса, басқа тарауларды да оқыңыз. Мәселені шеше алмасаңыз,
еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Мәселе
Себебі
Шешімі
Құрал жұмыс
істемейді.
Батареялардың заряды
таусылған болуы мүмкін.
Батареяларды зарядтаңыз.
Сапты қолданғанда, ондағы
және/немесе тасымалы
шаңсорғыштағы түйіспе
жолақтары шаң болуы
немесе дұрыс тимей тұруы
мүмкін.
Сап пен тасымалы шаңсорғыштағы
түйіспе жолақтарын құрғақ
шүберекпен сүртіп, шаңсорғышты
сапқа орнатыңыз. Сырт еткен дыбыс
шыққанша, тасымалы
шаңсорғышты солға және оңға қарай
бірнеше рет сәл жылжытыңыз.
Заряд жарығы
жанбайды және/
немесе құрал
зарядталмайды.
Құралды зарядтау
қондырғысына дұрыс
салынбаған.
Құралды зарядтау
қондырғысына дұрыстап салыңыз.
Заряд жарығы жанып құралдың
зарядталып жатқанын білдіреді.
Адаптер қабырға
розеткасына дұрыс
жалғанбаған.
Адаптерді розеткаға дұрыстап
жалғаңыз.
ҚазаҚша
72