Bosch GSR Mx2Drive Professional User Manual
Page 174
1 609 92A 0CA | (24.6.13)
Bosch Power Tools
174 | Қазақша
Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін
алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді
ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз.
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды,
киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей
немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін.
Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың
қосылғандығына және дұрыс пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын
пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе
өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып
тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға
қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында
электр құралдары қауіпті болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп
болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш
жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы
нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын
әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда
пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны
басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
OBJ_BUCH-1208-003.book Page 174 Monday, June 24, 2013 3:19 PM