Vitek VT-1688 Capella User Manual
Page 47
47
Бұғаттау
Балалардың пешті пайдалануына жол бермеу үшін, Сіз бұғаттау режимін орната аласыз.
- «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал
қосылады жəне пиктограмма (4) жанады.
- Бұғаттауды алып тастау үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап
тұрыңыз, дыбыстық сигнал қосылады жəне пиктограмма (4) сөнеді.
Арнайы функциялар
Авто ескерту:
- Дайындау немесе жібіту бағдарламасы аяқталғаннан кейін төрт дыбыстық сигнал қосылады, пеш есігі
ашылғанға дейін немесе «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасы басылғанға дейін жəне дисплей
көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралғанға дейін дыбыстық сигналдар əрбір екі минут сайын қосылатын
болады.
- Егер уақытты немесе жұмыс режимдерін орнату толығымен аяқталмаса, онда 30 секундтан кейін дыбыстық
сигнал қосылады жəне дисплейдің көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралады.
Үш сатыда тамақ даярлау
Сіз пешіңізді 3 кезекті дайындау сатысына бағдарламалай аласыз.
Мысал: қысқа толқындар қуаты 80% тең болған жағдайда өнімдерді 35 минуттың ішінде дайындау қажет,
сосын біріктірілген дайындау режимін 20 минутқа қосу қажет жəне 15 минут грильде қуыру қажет.
1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 2 рет басыңыз, дисплейде таңдалған қуат деңгейі 80% бейнеленеді,
бұл жағдайда пиктограмма (7) жəне пиктограмма (9) қосылады – (1S – дайындаудың бірінші сатысы).
2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «35:00» орнатыңыз.
3. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын 2 рет басыңыз, бұл жағдайда пиктограмма (6, 7) жəне пиктограмма
(9) жанады – (2S – дайындаудың екінші сатысы).
4. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «20:00» орнатыңыз.
5. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (6) жəне пиктограмма
(9) жанады – (3S – дайындаудың үшінші сатысы).
6. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «15:00» орнатыңыз.
7. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.
Қандай дайындау сатысы жүріп жатқанына байланысты саты нөмірлерімен пиктограмма (9) жанатын болады,
ал осы сəтте дайындау режиміне байланысты пиктограмма (5), (6), (7) не болмаса (8) жанатын болады.
Ескерту: бағдарланбайтын дайындау режимдерінде барлық жағдайда пиктограмма (9) жанатын болады
– 1S. Ескерту: дайындаудың барлық сатыларында жəне режимдерінде «дисплейді сəндеу элементтері»
кезектілікпен жанатын болады - пиктограмма (11).
Тамақты дайындау процесі кезінде пешті тоқтату
- Тамақты дайындау процесін тоқтату үшін пештің есігін сəл ашу жеткілікті. Өнімдерді дайындау процесін
жалғастыру үшін есікті жабыңыз жəне «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.
- Өнімдерді дайындау бағдарламасын тоқтату үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын басыңыз.
Тазалау жəне күту
• Тазалау алдында пешті өшіріңіз жəне желілік ашаны розеткадан шығарыңыз.
• Басқару панеліне су тигізбеңіз. Оны жұмсақ, сəл дымқыл матамен сүртіңіз.
• Пештің жұмыс камерасын тазалықта ұстаңыз. Егер пеш қабырғаларында тамақ қалдықтары не сұйық
дақтары қалса, оларды дымқыл матамен сүртіңіз.
• Жұмыс камерасы қатты кірленген жағдайда жұмсақ жуу құралын пайдалануға болады.
• Пешті сыртынан жəне ішінен тазалау үшін абразивті жуу құралдарын, сым щеткаларды пайдаланбаңыз.
Пеш қақпағында орналасқан ауа мен будың шығуына арналған тесіктерге су не жуу құралдарының тимеуіне
назар аударыңыз.
• Аммиак негіздегі жуу құралдарын пайдалануға болмайды.
• Сыртқы беттерді дымқыл майлықпен сүртіңіз.
• Пештің есігі əрқашан таза болуы қажет. Есік жəне пештің беткі панелі арасында тамақ түйірлерінің жиналуына
жол бермеңіз, себебі бұл есіктің дұрыс жабылуына бөгет болады.
• Пешті суытуға арналған ауа кіретін пеш корпусындағы желдеткіш тесіктерін шаң-тозаңнан үнемі тазалап
отырыңыз.
• Шыны табақты жəне оның тірегін үнемі алып, тазалап отырыңыз; пештің жұмыс камерасының түбін
сүртіңіз.
• Шыны табақты жəне оның айналу жетегін бейтараптағыш сабын құралы құйылған суда жуыңыз. Бұл
бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуу машинасын қолдануға болады.
• Қыздырылған шыны табақты суық суға салмаңыз: температураның бірден өзгеруінен шыны табақ жарылып
кетуі мүмкін.
1688.indd 47
1688.indd 47
27.07.2006 17:11:46
27.07.2006 17:11:46