Қазақ, Пайдаланушы нұсқаулығы – Vitek VT-3621 User Manual
Page 26

ҚАЗАҚ
26
Пайдаланушы нұсқаулығы
Электрондық баптауы және алмалы-салма-
лы алдыңғы панелі бар қабылдағыш
Бір CD (ESP) + MP3 (ESP) + R.D.S. +AM/FM
Радио
Пернелердің және басқару функцияларының
орналасуы
1. PWR (қорек) пернесі
Қоректі қосу немесе өшіру үшін PWR
пернесін басыңыз.
2. 9 Баптау/төмен іздеу пернесі және бір
жолға төмен өту пернесі.
:
Баптау/жоғары іздеу пернесі және
бір жолға жоғары өту пернесі.
А. РАДИО режимі
1. Жиілігі біршама жоғары станцияны
автоматты іздеу және сақтау үшін :
пернесін сәл басқанда, жиілік ұлғаяды.
2. Жиілігі біршама төмен станцияны
автоматты іздеу және сақтау үшін
9
пернесін сәл басқанда, жиілік азаяды.
Б. CD режимі
CD/MP3 режимінде жолды алдыға/артқа
ауыстыру үшін осы пернені басыңыз.
3. Режимді таңдау пернесі (MODE)
MODE пернесі басулы тұрғанда, RADIO
немесе CD режимін өзгертуге болады.
4. SEL таңдау пернесі
А. Режимді кезектілікте өзгерту үшін SEL
пернесін басыңыз: дыбыс қаттылығы,
төмен жиіліктердің деңгейі, жоғары
жиіліктердің деңгейі, сол және оң жақ/
алдыңғы және артқы арналар арасындағы
баланс (VOLUME > BASS > TREBLE >
BALANCE> FADER).
1. Дисплейде «VOL» белгісі шыққан кезде,
сіз VOL+/ VOL- пернесін басып, дыбыс
қаттылығын реттей аласыз.
2. Дисплейде «BAS» белгісі шыққан кезде,
сіз VOL+/ VOL- пернесін басып, төмен
жиіліктердің деңгейін реттей аласыз.
3. Дисплейде «TRE» белгісі шыққан кезде,
сіз VOL+/ VOL- пернесін басып, жоғары
жиіліктердің деңгейін реттей аласыз.
4. Дисплейде «BAL» белгісі шыққан кезде,
сіз сол жақ динамиктердің дыбыс
қаттылығының деңгейін азайту үшін VOL+
пернесін, ал оң жақ динамиктердің дыбыс
қаттылығының деңгейін азайту үшін VOL-
пернесін баса аласыз.
5. Дисплейде «FAD» белгісі шыққан
кезде, сіз артқы динамиктердің дыбыс
қаттылығының деңгейін азайту үшін VOL+
пернесін, ал алдыңғы динамиктердің
дыбыс қаттылығының деңгейін азайту үшін
VOL- пернесін баса аласыз.
5. VOL+/ VOL- пернелері.
А. Дыбыс қаттылығын VOL+ немесе VOL-
пернелерін басып, кез келген уақытта
реттеуге болады, себебі аспап дыбыс
қаттылығын баптау режимінде тұрады.
Б. Дыбыс қаттылығын баптау режимі SEL
пернесінің көмегімен де таңдалуы мүмкін.
Экранда «VOL» белгісі пайда болғанға
дейін SEL пернесін басыңыз, содан кейін
дыбыс қаттылығын баптау үшін VOL+
немесе VOL-пернесін басыңыз.
6. REL пернесі
Алмалы-салмалы панельді ажырату үшін
осы пернені басыңыз.
7. СК-дисплей
Барлық таңдалған функцияларды
бейнелейді.
8. EJECT пернесі
Дискіні салу немесе шығару үшін EJECT
пернесін басыңыз.
9. Дисплейдің пернесі (DISP)
А. Дисплейге Радио режиміндегі жиілікті
немесе уақытты шығару үшін осы пернені
басыңыз.
Б. Дисплейге ойнату уақытын немесе CD/
MP3 режиміндегі уақытты шығару үшін осы
пернені басыңыз.
В. Уақытты орнату
Радио AM және CD режимінде уақытты
баптау үшін.
Сағат жыпылықтағанға дейін CLK пернесін
басып, ұстап тұрыңыз. Осы уақытта VOL+
немесе VOL-пернесін басып, сағатты
баптауға болады, содан кейін SEL
пернесін басыңыз, дисплейде минуттар
жыпылықтай бастайды. Минуттарды VOL+
немесе VOL- пернесін басып, баптауға
болады.
Соңында, уақытты баптауды растау үшін
CLK пернесін тағы бір рет басыңыз.
3621IM.indd 26
02.02.2007 15:28:20