Шашты тік ететін құрал – Philips HP4669/05 User Manual
Page 53
Құралды қолдану
Құрал тоққа қосылып тұрған кезде, оны қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Қызып келе жатқан немесе қызған аспапты тек қана
ыстыққа төзімді термо-төзімді бетке қоюға болады.
шашты тік ететін құрал
Шаш түзеткіш – бұл қуатты құрал, оны абайлап пайдалана білу керек.
Қанша дегенмен түзеткіш кәсіптік шаштараздық
қондырғыларындағыдай температураға дейін қыза алатындықтан,
шашты зақымдап алмас үшін оны жиі пайдаланбайды.
Егер сіз шаш түзеткішті дұрыс қолданбасаңыз немесе дұрыс емес
температура таңдаған болсаңыз, сіз өзіңіздің шашыңызды қатты
кептіріп жіберуіңіз немесе тіпті күйдіріп жіберуіңіз мүмкін.
Әрдайым төменде көрсетілген қадамдарды орындаңыз:
1
Шанышқыны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
Қосу/өшіру түмесін басыңыз.
120 деген температура бағдарламасы көрсеткіште пайда
болады (Cурет 2).
Осы бағдарлама бойынша құрал қызыған бойда, көрсеткіште
‘READY’ (дайын) деген сөз пайда болады.
Кеңес: Егер сіз табақшаларды ілмекпен бекітіп қойсаңыз, олар одан да
бетер жылдам қызады.
Өзіңіздің шашыңыздың түріне сәйкес келетін температура
бағдарламасын таңдаңыз.
Шаш түзеткішті алғаш рет қолданып жатқанда төмен
температура бағдарламасын таңдаңыз.
Қатты, бұйра, немесе түзетуге қиын шаш үшін орташадан
жоғарыға дейінгі температура бағдарламасын таңдаңыз (170
және одан жоғары).
Жіңішке, орташа структуралы немесе жұмсақ бұйралы шаштар
үшін орташа қызудан төменгі қызу бағдарламасы (160 және
төмен) аралығын таңдаңыз.
-
-
,
,
-
-
-
ҚазаҚша
5