Қазақша – Vitek VT-1468 BD User Manual
Page 17

17
ҚазаҚша
VT-1468 BD БЛЕНДЕР
Блендер VT-1468 BD жинағында ұсынылған
блендер көпіршітуге, араластыруға, ұнтақтауға,
сондай-ақ сұйық және қатты өнімдерді қоса
өңдеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Алынбалы саптама-блендер
2. Моторлы блок
3. «II» режимін іске қосу батырмасы
4. «I» режимін іске қосу батырмасы
5. Жылдамдық реттегіші
6. Чоппер тостағы
7. Үгіткіш пышақ
8. Бәсеңдеткіш қақпақ
9. Резеңкеленген тіреу
10. Өлшеуіш стақан
11. Саптама-көпсіткіш
12. Көпсіткіш бәсеңдеткіші
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне
30 мА-ден аспайтын номиналды жұмыс
істеу тоғы бар қорғаушы сөндіргіш
құрылғыны (ҚСҚ) орнатып қойған жөн. ҚСҚ
орнату үшін маман шақырыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Алғашқы пайдалану алдында нұсқаулықты
зейін қойып оқып шығыңыз және оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін
сақтаңыз.
Құрылғыны берілген нұсқаулықта көзделгендей,
тікелей міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жағдайы оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
құрылғыда көрсетілген кернеу сіздің
үйіңіздегі электр желісінің кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
•
Электр желісіне қосулы тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға болмайды.
•
Саптамаларды
ауыстыру
алдында
қондырғыны электр желісінен ажыратыңыз.
•
Қондырғыны қолдануды бастамас бұрын,
оның саптамаларының дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•
Моторлық
блокты
орнатылмаған
қондырмаларсыз электржелісіне қоспаңыз.
•
Өңдеуге арналған саптамалар мен
өнімдерді қолданбаса, қондырғыны қосуға
тыйым салынады.
•
Қондырғыны ғимараттан тыс қолданбаңыз.
•
Чоппер тостағанды немесе өлшейтін
стаканды ыстық өнімдерді салу алдында
оларды суытыңыз.
•
Чоппер тостағанды мен өлшеуіш стақанды
микротолқынды пешке салуға тыйым
салынады.
•
Жеткізілім жинағына енетін қондырмаларды
ғана пайдаланыңыз.
•
Қондырғыны алғашқы қолданар алдында,
оның алынбалы саптамаларын және
өнімдермен байланысқа түсетін сыйымды
ыдыстардың барлығын мұқият шайыңыз.
•
Чоппер тостағанын тұрақты беткі жағына
нық орналастырыңыз.
•
Қондырғы қосылғанға дейін, чоппер
тостағанындағы өнімдерді араластырыңыз.
•
Чоппер тостағанын азық-түлкпен асыра
жүктемеңіз және құйылған сұйықтардың
деңгейін қадағалаңыз.
•
Чоппер ұсақтағыш-пышағының кесетін жиегі
мен блендер-саптамалары тым өткір және
қауіп төндіруі мүмкін. Сол саптамаларды
қолданғанда өте абай болыңыз!
•
Чоппермен жұмыс істеу кезінде ұсақтағыш
пышақтың қиын айналуын байқасаңыз,
құрылғыны электроқоректендіруден алып
тастаңыз және пышақтың айналуына кедергі
келтіріп тұрған өнімді абайлап алып тастаңыз.
•
Чоппер тостағанынан тағамдарды алуға
немесе сұйықтықтарды құйып алуға
тек ұсақтағыш-пышақ толық айналып
тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
•
Құрылғының айналып жатқан бөлшектеріне
тиіспеңіз. Блендер-саптамасы пышағына
немесе тәжінің айналымды бөлігіне
шаштың түсуіне не болмаса бос салпаң
элементтердің түсуіне жол бермеңіз.
•
Үнемі құрылғыны тазалар алдында, тіпті
оны пайдаланбаған уақытта да құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
•
Қондырғыны ажырату кезінде желілік
сымның тікелей қосайырынан ұстаңыз.
•
Желілік шнурдан тартпаңыз және оны
шиыршықтамаңыз.
•
Қондырғылар мен ыдыстарды ыдыс жуу
машинасына салмаңыз.
•
Қондырғыны
ыстық
затқа
(газдық
немесе электрлік плита, духовка шкафы
сияқтыларға) жақын қолданбаңыз.
•
Желілік сымның жиһаздың үшкір жиегіне
және ыстық затқа жақын болмауын
қадағалаңыз
VT-1468.indd 17
08.02.2016 10:23:44