Қатты едендерді сусабынмен тазалау, Жиһазды сусабынмен тазалау, Тазалау – Philips FC6841 User Manual
Page 73: Сулы тазалауды қолданғаннан кейін

қатар, шашыратқан сусабын мөлшеріне, температураға, ауа дымқылдығына және бөлменің
желдетілу деңгейіне байланысты болады.
- Көрініп тұратын саптамалар (екі тесігі бар саптама және қаптамалы саптама)
сізге кілеміңіздің немесе қатты еденіңіздің қаншалықты тазаланғанын көру мүмкіндігін
береді. Ол үшін әшейін ғана жиналып жатқан қоспаның түсін көрсеңіз болады.
Қатты едендерді сусабынмен тазалау
- Қатты едендерге арналған екі тесігі бар 3- мақсатты «басу» адапторында сізге таныс үш
тазалау аспабы болады: (Cурет 40)
1 Еденге жабысып қалған кірді тазалауға арналған қылшық;
2 Сусабынды шашырату, тарату және сүртіп алуға арналған ысқыш;
3 Соруға мүмкіндік беретін, еденнен сусабынды сығып алатын швабра.
1
Екі тесігі бар сусабынға арналған саптамаға қатты едендерге арналған адапторды сырт
еткізіп кигізіңіз (Cурет 41).
2
Есіктен ең алыс жерден бастап, жұмысыңызды есікке қарай жасаңыз.
3
Құбыр сабындағы шүріппені қысып, сусабынды шашыратыңыз. Тиімді қырып тазалау
үшін, әдеттегі шаң сорғышпен жұмыс жасағандай етіп, ары-бері қозғалыстар жасаңыз.
Әдетте сусабынды саптамамен алға қарай қозғалыс жасағанда шашыратқан
жөн (Cурет 42).
Ескертпе: Тым ұзын қозғалыстар жасамаңыз.
4
Еденді кептіру үшін, саптаманы артқа қарай ақырын қозғаңыз. Сығып алатын швабра
ғана еденге тиетін болсын, және сусабынды шашыратпаңыз (Cурет 43).
5
Сусабынды тиімді түрде жинап алу үшін, бірінің үстінен бірі өтетін қозғалыстар жасап,
артынан үстінен суретте көрсетілгендей етіп, соңғы бір қозғалыс жасаңыз. (Cурет 44)
6
Сусабынды шашып болғаннан соң, шүріппені босатып, сорғышты сөндіру үшін, сусабын
сорғышын қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрал қосылып тұрсын (Cурет 38).
7
Саптаманы еденнен көтеріңіз. Содан соң құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны
сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр іші кебеді (Cурет 39).
8
Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Жиһазды сусабынмен тазалау
Қапталған саптама сізге жиһазды, гобеленді және перделерді сусабынмен тазалау мүмкіндігін
береді.
1
Қапталған саптаманы тікелей сабына қосыңыз (Cурет 45).
2
Едендерді сусабынмен тазлағандай етіп маталарды да тазаласаңыз болады. (Cурет 46)
Тазалау
1
Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2
Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
3
Құралдың барлық бөлшектерін, және ыдысты, дымқыл шүберекпен сүртсеңіз болады.
Мотор блогына суды енгіздірмеңіз!
сулы тазалауды қолданғаннан кейін
1
Ыдысты тазалап, кептіріп алыңыз.
2
Құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр
іші кебеді.
ҚазаҚша
73